Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазығұрт ауданының Тұрбат ауыл округіне қарасты Тұрбат ауылы мен Қызылдихан елдімекендерін қосатын көпір құрылысы бітіп, пайдалануға берілді.
Өткелдің салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Т.Телғараев, мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері, ауылдық округ әкімі, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты. Үш мыңнан астам халқы бар елдімекендерде бұрын-соңды көпір болмаған. Жергілікті халық өткелді қолдан істейтін. Алайда ол көпір тез арада жарамсыз күйге түсіп отырған еді.
Айта кетейік, Тастақсай өзені арқылы өтетін өткелді салуға қаржы облыстық бюджеттен қаралды. Ұзындығы 66 метр, ені 8 метр болатын көпірде түрлі көліктерді көтере алады.