Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің мамандары Ақтас елдімекеніндегі қоқыс өңдейтін зауытқа барып, басшыларымен кездесуді жоспарлаған. Өкінішке қарай, есігіне қарақұлып ілінген зауытта қарауылдан басқа жан жоқ болып шықты.
Шымкенттегі алғашқы қоқыс өңдеу зауытын қалалықтар 10 жыл күткен болатын. Өткен жылы іске қосылған нысан үш ай өтпей жатып тұралап қалды. Енді қала басшылығы инвестор тартып, жаңа зауыт салуды жоспарлап отыр.
Себебі күн сайын қаладан шығарылатын 500 тонна қатты тұрмыстық қалдық өңделмесе, қоқыс тасталатын алаң мерзімінен бұрын толып қалуы мүмкін. Бүгінде бұл жобаға қытай және польша инвесторлары қызығушылық танытып отыр.