Бәйдібек би даңғылы уақытша жабылады

Шымкент тұрғындарының назарына! Қаладағы Бәйдібек би даңғылы жабылады. Бұл туралы ішкі саясат басқармасы хабарлайды.

Бәйдібек би даңғылы уақытша жабылады

Шымкентте қала күніне орай мерекелік іс-шараны өткізу мақсатында Бәйдібек би даңғылы уақытша жабылады. Даңғылдың Наурыз алаңынан бастап Төлеметов көшесіне дейінгі бөлігі 24 қыркүйек күні кешкі сағат 17:00-ден түнгі сағат 22:00-ге дейін жабылады. Көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады.