Бүгін облыстық орталық мешітте Құрбан айты мерекесіне орай қайырымдылық шарасы жалғасты. Ниет қылып сойылған мал еті жүздеген отбасыға таратылды.
Үш күн бойы атқарылған игі шаралар аз болған жоқ. Облыстық мешіт пен өңірлік зекет орталығы осы мерекеге орай «Раббың үшін құрбан шал» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Биылғы акция аясында 700 келі ет жиналып, 400-ге жуық тұрмысы төмен отбасыға бөліп берілді. Жалпы, өңіріміздегі 792 мешіттің 36-сы осы күндері 3,5 мыңнан астам мұқтаж жанға көмек көрсетті.