Мәделі қожа көшесіндегі көпір жөнделді

261

Шымкенттегі Мәделі қожа көшесінің үстіндегі көпірді жөндеу жұмыстары аяқталып қалды. Көпірдің тіректері ақ-сары түске боялып, текпешектері гранит тақтайшалармен қапталды. Осылайша үлкен көпір танымастай болып өзгеріп отыр.

Бұл жұмыстарға 28 миллион теңге бөлініп, тендерді «Жырым» мекемесі жеңіп алған. Айта кету керек, Төреқұлов көшесіндегі жұмыстарды да дәл осы мекеме жүргізуде. Дегенмен, 7 миллион теңге бөлінген мұндағы жұмыс сапасыз болып шықты.

Қалалық әкімдіктің өкілдері «Жырым» компаниясы сапасыз материалдарды қолданған деп мәлімдеді. Қазір жұмысшылар бұрынғы қабырғаны алып тастап, жаңасын қалауда.

Нұрлан Жаңабай