Оңтүстікте облыстық мемлекеттік кіріс департаментінің бас маманы парамен ұсталды. Оны ОҚО сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінің мамандары қолға түсірген.
Көкебаев есімді бас маман өзінің қызметін пайдаланып, жеке тұлғадан 1 миллион теңге алған дейді сыбайлас жемқорлықпен күресушілер. Бұл ауызбастырықты салық маманы негізгі кіріс жайлы тексеруге қатысты қорытынды беру үшін талап етіпті. Қазір ұсталған азамат қамауда жатыр.