ОҚО-да ірі жол апатынан 6 адам мерт болды

193

Оңтүстікте ірі жол апаты болып, алты адам қаза тапты. 19 қыркүйек күні кешкі сағат 6 шамасында Алматы-Ташкент-Термез тасжолында «Форд» шағын автобусы мен «Тойота» жеңіл көлігі соқтығысқан.

Соның салдарынан Фордтың 56 жастағы жүргізушісі және шағын автобуста отырған 51, 46 және 45 жастағы жолаушылар, «Тойота» көлігінің 29 жастағы жүргізушісі оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Бұған қоса 16 жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Шымкенттегі ауруханаға жеткізілді. Олардың бірі – 3 жасар қыз бала есін жимаған күйі қайтыс болды. Қазір полицейлер қылмысты іс қозғап, тексеруді жалғастыруда.