Оңтүстік ақыны халықаралық айтыста үстем болды. Жерлесіміз Қырғызстанда өткен ақындар айтысында 1-орынға ие болды.
Көршілес Қырғызстан Республикасында көшпенділер ойындары өтіп жатқаны белгілі. Қыркүйек айының 3-нен бастап ұйымдастырылып жатқан шара аясында ел аралық ақындар айтысы өтіп, онда еліміздің атынан қатысқан сарыағаштық айтыскер Жарқынбек Наушабеков 1-орынды иеленді.
Ойындардың негізгі мақсаты әлемдегі көшпенді халық өркениетінің тарихи мәдени мұрасын жаңарту және сақтау болып табылады. Жарыс Ыстықкөл жағасындағы Шолпан ата қаласында өтті. Ойындарға Қазақстаннан спорттың 10-нан аса түрінен спортшылар қатысты.
Стамбұлда төрт мемлекеттің – түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің қатысушылары Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан және Түркия спорт ведомстволарының басшылары ойындардың регламенттерінің нақты нұсқасын бекітіп, бүкіл әлемдік көшпенділер ойындарында Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Белоруссия, Тәжікстан және Өзбекстан спорттық командалары қатысты. Жалпы жарыстар бағдарламасына 26 ұлттық спорт түрі енгізілген.