Оңтүстікте атауы өзгертілуі тиіс 300-ге жуық көше бар

271
Оңтүстікте атауы өзгертілуі тиіс 300-ге жуық көше бар

Тіл заңдылығын бұзғандарға шара көрілу керек. Заңнамада қарастырылмаған мұндай тұстар сала мамандарының қолын байлап тұр.

Оңтүстікте атауы өзгертілуі тиіс 300-ге жуық көше бар

Есептік жиынын өткізген облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының өкілдері осылай деді. Мамандардың сөзіне сенсек, бүгінде тіл заңдылығын сақтамайтындарға тек ескерту ғана беріледі. Жауаптылар бұл ретте әкімшілік айыппұлдар салуды заңмен реттеу керектігін ұсынды. Сонда жұмыс әлдеқайда тиімді болады деп есептейді.

Айта кетейік, бүгінде облыста атауы өзгертілуі тиіс көшелер саны 300-ге жетіп жығылады. Басқарма мамандары бұл бағытта тиісті шараларды қолға алуға кірісіп кеткен. Көнерген аттарды ретке келтіру үшін тарихи атаулар ұсынылып отыр.