Оңтүстіктің полицейлері жаңа көліктерге ие болды. Су жаңа 75 Киа және 5 ВАЗ көлігін өңір әкімі Бейбіт Атамқұлов облыстық жергілікті полиция қызметкерлеріне тапсырды. Бұл арнайы көліктер Елбасының «100 нақты қадам» ұлт жоспары аясында бөлініп отыр.
Көліктердің кілті салтанатты шарада жергілікті полиция қызметі батальонының 128 қызметкеріне тапсырылды. Жаңа көліктер заманауи құрылғылармен, рация, арнайы дыбыс белгісі және бағыттаушымен жабдықталған.
Бейбіт Бәкірұлы көліктерді өзі қарап шықты. Біреуіне мініп, тежегіші мен арнайы дыбыс белгісін тексеріп көрді. 7 қыркүйек күні кешкісін жаңа көліктерге мінген полицейлер қызметтерін атқаруға кірісіп кетті.