Оңтүстікте ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін ұлғайтуды, экспортқа шығаруды қамтамасыз етуде ұсақ тауар өндірушілердің мәселелері жан-жақты қарастырылып, шешілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» заңына сәйкес өрбуде.
Бүгінгі таңда облыста 8 мыңнан аса ұсақ фермерлік шаруашылық 81 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне бірігіп, жұмыс атқаруда. Олар даму бағыттары бойынша 19 мақта шаруашылығы, 30 астық, 4 сүт өндірісі, 13 ірі және ұсақ мал шаруашылығы, 3 түйе шаруашылығы, 3 жүгері өсіру, 4 жылыжай, 5 тағы басқа шаруашылықтан құралған.
Сонымен қатар биыл облыста 14 машина-трактор станциясы құрылған. МТС құрамында доңғалақты 108 трактор, шынжыр табанды 7 трактор, 28 астық оратын, 9 жем-шөп оратын, 4 жүгері оратын комбайн мен 186 басқа техника бар.