Оңтүстік тұрғындары Тәуелсіздік шыңын бағындырды

313
Оңтүстік тұрғындары Тәуелсіздік шыңын бағындырды

Оңтүстік Қазақстан облысында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Бұл — біздің таулар» фестивалі өтті. Дәстүрге айналған шара биыл Төле би ауданы, Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық паркінде ұйымдастырылды.

Оңтүстік тұрғындары Тәуелсіздік шыңын бағындырды

Фестивальге облыстық кәсіпкерлік, индустириялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы М.Қарабаев және облыс тұрғындары мен қонақтары, блогерлер және БАҚ өкілдері қатысты.

Оңтүстік тұрғындары Тәуелсіздік шыңын бағындырды

Іс-шараға қатысушылар Өгем тау жотасының шығысы жағында орналасқан Тәуелсіздік шыңын бағындырумен қатар суретшілер сайысына да қатысты. Арнайы жол көрсетушілермен тауға шыққан жастар 2200 метр биіктікті бағындырып, өз алдарына рекорд жаңартты.

Оңтүстік тұрғындары Тәуелсіздік шыңын бағындырды

Бұдан бөлек “Bal Tekstil” кілем тоқыма фабрикасының демеушілігімен «Біз туризм және экологиямен біргеміз» қайырымдылық шарасы өтті. Аталған шара қоғамдағы өзекті мәселе ата-ана қамқорлығынан айырылған жандарға арналды.

Оңтүстік тұрғындары Тәуелсіздік шыңын бағындырды

Фестиваль қортындысы бойынша белсенді жастар мен суретшілер марапатталып, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды.

Оңтүстік тұрғындары Тәуелсіздік шыңын бағындырды