//
Тұрақты комиссия Жаңалықтар 

Облыс әкімінің есебі алдындағы тұрақты комиссия отырысы өтті

Депутаттар облыс әкімінің өзіне жүктелген міндеттерді орындау бойынша есебін талқылауда. Биылдың 6 айында облысымыздың өнеркәсіп кәсіпорындарында 384 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өсім бойынша ОҚО республикада 2-орында. Шағын және орта бизнеспен бүгінде 182 мыңға жуық субъектісі тіркелген. Халықты қажетті инфроқұрлыммен өамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасуда.

Тұрақты комиссия

Биыл облыста 27 ауыз су нысанының құрылысы жүргізілді, оның басым бөлігі пайдалануға берілді. Газбен қамтуда 33 нысандардың құрылысы жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде 300-дей ауылға газ берілетін күн жақын. Есепте барлығы жақсы. Алайда бірқатар қала, аудандарда осы жұмыстар тым баяу жүріп жатыр, дейді депутаттар.

Бюджет және экономиканың дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында облыс әкімінің есебін негізге алған жауаптылар мақта егетін аудандарда осы күнге дейін шешімін таппаған мәселелерді көтерді. Оның ең күрделісі – ағын су проблемасы.

Өзбекстанмен шекаралас жатқан Мақтаарал ауданындағы су тапшылығы облыс деңгейінде шешілетін мәселе емес. Мұны депутаттар да, жергілікті халық та, мамандар да жақсы біледі. Бұл турасындағы ұсыныстар Үкіметке жолданған.

Ағын су тек мырзашөлдіктерді емес, түркістандықтарды да әбден шаршатты. Сауран ауылды округіндегі егістік алқаптарға Арыс-Түркістан каналынан бір тамшы су да жетпеген.

Жергілікті жердегі бұл мәселелелер “Қазсушар” мекемесінің өңірдегі басшысына тапсырылды. Шешім қабылданбаса, жағдайдың сын көтермесі анық. Ал облыс мәслихатының кезекті сессиясы 21 қыркүйекте өтеді. Естеріңізге салайық, халық қалаулылары жиында облыс әкімінің өзіне жүктелген міндеттері мен орындалуы жайлы есебін талқылайды.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz