Облыс мәслихатының кезекті сессиясы болып, хатшысы қызметінен босатылды

279
Облыс мәслихатының хатшысы қызметінен босатылды

Облыс мәслихатының хатшысы ресми түрде қызметінен босатылды. Оған өз өтініші негіз болған. Мәслихаттың кезекті бесінші сессиясында мұнан басқа 15 мәселе бойынша шешімдер бірден қабылданды.

Депутаттардың қарауына ұсынылған 15 мәселенің 14-і бойынша шешім бірауыздан қабылданды. Ал жылдың 4 мезгілінде де халықтың көкейін кернейтін коммуналдық қызмет тарифтері тұрақты комиссиялардың отырысында да, сессияның барысында да қызу талқыланды. Шарықтаған бағаны тоқтату қажет дейді депутаттар. Оған негіз болар ұсыныстары да бар екен.

Облыс мәслихатының хатшысы қызметінен босатылды

Тарифтердің өсуі күні бүгін туындаған тақырып емес. Бұл бағытта облыс басшылығы тарапынан бірқатар жұмыстар атқарылыпты. Сессияға қатысқан өңір басшысы осыны нақтылады.

Бейбіт Бәкірұлы сонымен қатар электр энергиясының тапшылығы, ауызсумен қамту, елдімекендерге газ тарту мәселелерін шешуде депутаттарды бірлесе жұмыс жасауға шақырды. Жұмыла көтерген жеңіл дейді әкім.

Бесінші сессияның қарауына тағы бір маңызды мәселе ұсынылды. Ол басылымдардың көбіне негізгі тақырып болып үлгерген ОҚО мәслихатының хатшысын лауазымынан босату мәселесі еді.

Қамытбек Айтөреевтің өз өтініші негізге алынып, әріптестері бірауыздан оны хатшы лауазымынан босатты. Экс-хатшыға алғыс та айтылды.

Осы жиында ОҚО бойынша тексеру комиссиясының төрағасы да сайланды. Бұл лауазымға депутат Сырым Шалабай лайықты деп танылды. Алтыншы шақырылымдағы ОҚО мәслихатының кезекті сессиясының төрағасы Дәурен Ахметовтың болатыны да осы сессияда нақтыланды.