Облыстық прокуратурада инновациялық жобалар таныстырылды

169
Облыстық прокуратурада инновациялық жобалар таныстырылды

Ғаламтордың мүмкіндіктерін қадағалау органы өкілдері де тиімді пайдаланып отыр. Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурада Қазақстанның бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Болат Тазабеков құқық қорғау органы өкілдерімен кездесіп, осы бағытта атқарылған жұмыстарды таныстырды.

Облыстық прокуратурада инновациялық жобалар таныстырылды

Бұдан былай кез келген шағымданушы ұзын-сонар кезек күтпей-ақ прокуратура органдарына арыз тастап, шағымының қай сатыда екенін біле алады. Тіпті тың инновациялық жобалар аясында әкімшілік айыппұлдар туралы ақпарат алып, жаңадан сатып алған автокөлігіңіздің қатысымен болған жол апаты дерегі бойынша да хабарлама алуға мүмкіндік туып отыр.