Шымкентте 7 мектеп пен балабақша ашылды

Білім күніне орай Шымкентте 7 мектеп пен балабақша пайдалануға берілді. Осыған орай қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жаңадан ашылған білім ұяларының бірі — Сайрам елдімекенінде орналасқан Мәншүк Мәметова атындағы №111 орта мектептің алғашқы қоңырауына қатысты.

Шымкентте 7 мектеп пен балабақша ашылды

— Баршаңызды халықаралық білім күнімен құттықтаймыз! Бүгін 300 орынды жаңа мектеп білімпаз жасөскіндерге өз есігін айқара ашты, — деді құттықтау сөзінде қала әкімі. — Мен бұл білім ұясын жаңаша ойлай білетін жас ұрпақтың білім алу жолында сараптама жасаудың нақты орталығына айналдырады деп үміттенемін.

 

Шымкентте 7 мектеп пен балабақша ашылды

Жаңа мектеп барлық заманауи талаптарға сай. Мұнда жоғары сапалы білім мен салауатты өмір салтын ұстану, балалардың үйлесімді дамуы үшін барлық жағдай жасалған.

Шымкентте 7 мектеп пен балабақша ашылды

Үш қабатты ғимаратта 23 зерттеу бөлмесі, түрлі зертханалар, лингафон кабинеті, кітапхана, сондай-ақ, конференция және оқыту бөлмелері бар.

Шымкентте 7 мектеп пен балабақша ашылды