Оңтүстікте кәсіпкерлерге ауадай қажет жаңа мобильді қосымша іске қосылды. Енді ұялы телефон арқылы 11 мыңға жуық жергілікті кәсіпкермен жақын танысуға мүмкіндік бар. «Инфомоб» ақпаратты бағдарламасында отандық тауарларлар мен оны өндірушілер жайында толық мағлұматты біле аласыз.
Бағдарламаға кәсіпкерлер ұсынған тауарға деген жеңілдіктер мен акциялар туралы да ақпарат енгізіледі. Бұл қызметтің сауда өндірістері мен кәсіпорындарын, сондай-ақ, туризм саласын елге танытуға, олардың нарықтағы сатылымын арттырып, қызмет аясын кеңейтуге ықпалы зор.
Бүгінде өңірімізде 187 мыңнан астам компанияр бар. Олардың отандық саудада өз орнын қалыптастыруда кәсіпкерлер палатасы бірқатар жұмыс атқарып келеді.