Шымкентте полиция қызметкеріне айыппұл кесілді

164
Шымкентте полиция қызметкеріне айыппұл кесілді

Шымкентте полиция қызметкеріне 106 мың теңге айыппұл кесілді. Бұл — мүгедектерге арналған орынға көлігін қойғаны үшін төленетін 50 айлық-есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл.

Шымкентте полиция қызметкеріне айыппұл кесілді

Көлік тұрағындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орында тұрған поилция қызметкерінің арнайы көлігін әлеуметтік желі қолданушысы суретке түсіріп алып, жариялап жібереді. Осыған орай қалалық полиция өкілдерінен жауап келді.

— Заңды бұзған полиция қызметкерінің үстінен әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл әрекеті үшін ол 50 АЕК көлемінде, яғни, 106 мың теңгеден көп айыппұл төлейді, — деп түсіндірді Шымкент қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірхан. — Инспектор бұл әрекетін жұмыс күнінің соңына қарай шаршап, көлігін қоюға келгенде мүгедектерге арналған белгіні байқамай қалғанымен түсіндіріп отыр. Осы орайда заңның қызмет дәрежесіне қарамай баршаға ортақ екенін тағы бір еске саламын.