Шымкентте тағы бір полиция қызметкері жазаланды

217
Шымкентте тағы бір полиция қызметкері жазаланды

Шымкентте тағы бір полиция қызметкері жазаланды. Бұл туралы Тенгриньюс ақпарат порталы жазады.

Қалалық жергілікті полиция қызметкерлері өз әріптестеріне жол жүру ережесін өрескел бұзғаны үшін айыппұл кесті. Рейд барысында тәртіп сақшылары терезесі толық күңгірттелген және мемлекеттік нөмірсіз жүрген ақ Лада көлігін көреді.

Шымкентте тағы бір полиция қызметкері жазаланды

Тоқтатып, тексеру кезінде жүргізушінің қауіпсіз белбеуін тағынбай жүргені және ешқандай құжаты жоқ екені анықталады. Рөлде полиция қызметкері отыр екен. Оның әріптес екеніне қарамаған инспекторлар кінәлі азаматқа төрт құқық бұзушылығы үшін 42 420 теңге айыппұл кесті. Ал көлігі ақылы тұраққа қойылған.