Шымкенттің символы ресми бекітілді

1761
Шымкенттің символы ресми бекітілді

Шымкент қаласының ресми бекітілген өз логотипі бар. Қазақи оюмен өрнектелген қызғалдақтың екі түрлі кескіндемесін бүгін қалалық мәслихаттың депутатары кезекті 7-сессияда бірауыздан бекітті. Шаһар атауы қазақ және ағылшын тілінде жазылады.

Шымкенттің символы ресми бекітілді

Тағы бір жаңалық — Шымкент қаласының құрметті азаматтарының қатарына 10 тұрғын қосылды. Нәтижесінде қаламызда 100-ден астам құрметті азамат бар. Енді сол еңбегімен еленген кісілерге қандай да бір мәртебе беру қажет дейді халық қалаулылары.

Халық қалаулыларының Абай және Қаратау ауданындағы жергілікті полиция бөлімі басшыларының есебіне көңілдері толмады. Сондықтан кемшіліктерді жоюға 2 ай мерзім уақыт берілді. Жылдың қортындысы бойынша екі басшы жұмысын жалғастырады не қызметінен кетеді. Бұдан бөлек қалалық мәслихаттың депутатары 23 мәселе бойынша шешім қабылдады.

Нұрлан Жаңабай.