Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Созақ ауданы Шолаққорған ауылында 280 орынды «Айшуақ» бөбекжай-балабақшасы ашылып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Жақып Бөкенбаев пен «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының бас директоры Д.Досанов қатысып, тұрғындардың қуанышымен бөлісті.
«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының демеушілік қаржысы есебінен салынған бөбекжайда балаларға барлық жағдай қарастырылған. Мұнда бүгінде жалпы саны 83 қызметкер жұмыспен қамтылып отыр.
Құрылыс алаңының жалпы аумағы 3281 шаршы метрді құраса, оның ішінде 1822 шаршы метрі балабақша ғимараты, ал 1459 шаршы метрі көркейту-көгалдандыру алаңы болып отыр.
Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы мен салихалы саясатын жүзеге асыру үшін облыс пен аудан,қала әкімдерінің қолдауымен білім беру жүйесіндегі оң өзгерістерге ерекше мән беріліп келеді.