Түркістанның екі тұрғыны үйлерінде есірткі өсірген

374
Түркістанның екі тұрғыны үйлерінде есірткі өсірген

Оңтүстіктің полицейлері есірткі өсімдіктерін өсірумен айналысқан түркістандық екі тұрғынды ұстады. Оларды 6 қыркүйек күні есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Түркістандағы әріптестерімен бірлесе жүргізген «Көкнәр -2016» және «Өрмек» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында қолға түсірді.

76 және 40 жастағы тұрғындардың үйіне жүргізілген тексеру кезінде тәртіп сақшылары аулада өсіп тұрған 5 түп қарасора өсімдігін және кереуетке жайылған есірткі заттарын анықтап, тәркіледі.

Түркістанның екі тұрғыны үйлерінде есірткі өсірген

Сот-криминалистикалық сараптамасының қорытындысына сәйкес табылған заттардың жалпы салмағы 135 грам қураған әрі кептірілген, 20 грам кептірілмеген марихуана екені анықталды.

Түркістанның екі тұрғыны үйлерінде есірткі өсірген

Аталған жайт бойынша қылмысты кодекстің 300-бабымен (құрамында есірткі заты бар тыйым салынған өсімдіктерді егу) іс қозғалды. Күдіктілер ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жіберілген. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістанның екі тұрғыны үйлерінде есірткі өсірген