Түркістандықтар қоныс тойын тойлайды

193
Түркістандықтар қоныс тойын тойлайды

Жыл сайын елімізде халықтың әл ауқатын арттыру мақсатында баспана алу мәселесі жүйелі жолға қойылып келеді. Осы ретте мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасын нақтылауды тапсырған болатын.

Түркістандықтар қоныс тойын тойлайды

Аталған бағдарлама аясында Түркістан қаласындағы жаңадан бой көтеріп келе жатқан «Отырар» шағынауданында 5 қабатты 2 тұрғын үй құрылысы бітуге таяды. Биылдың соңына қарай жаңа пәтерлер тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға берілмек.

Осы кезекте «Қазақстан ипотекалық компаниясы» арқылы 9 қабатты 2 үй салынып жатыр. Жақын күнде мұнда да заман талабына сай баспаналар тұрғындар игілігіне берілетін болады, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Түркістандықтар қоныс тойын тойлайды

Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар үшін қуанышты хабар – жаңа шағынауданның маңынан тағы да 8 үйдің құрылысы басталмақ. Бұл үйлерді келесі жылы пайдалануға беру жоспарлануда.