Шекарадан заңсыз есірткі алып өтпек болғандардың жолы кесілді. Қазақ-қырғыз шекарасының сақшылары 7,5 келі гашишты заңсыз тасымалдағандарды құрықтады.
Қазақ шекарашылары аса ірі көлемдегі есірткі затын алып жүрген 55 жастағы қырғыз азаматын ұстады. Ол тыйым салынған затты киім-кешектердің арасына жасырған. Сараптама жүргізіліп, материал Қордай аудандық ішкі істер басқармасына жіберілген.