Жас инспекторлар сапқа тұрды

1326

Оңтүстіктің тәртіп сақшылары жол қозғалысының жас инспекторларының саптық шеруін өткізді. Іс-шараны облыстық жергілікті полиция қызметі мен білім беру ұйымдарының өкілдері бірге ұйымдастырды.

Шымкент қаласындағы жастар орталығында Қазақстанның тәуелсізігіне 25 жыл толуына орайластырылған жол қозғалысының жас инспекторларының саптық шеруі өтті.

Акцияның мақсаты балалар және жастардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, балалардың жолда жүру ережесін меңгеру дағдысын қалыптастыру болатын. Жас инспекторлар ұйымына мүше балалар саптық шеруде жол қозғалысының қауіпсіздігіне арналған әндер орындады. Сондай-ақ, 210 жас инспектор Қазақстан Ресбуликасы тәуелсіздігінің 25 жылдығын айшықтайтын 25 санын бейнелеп, сапқа тұрды.

Саптық шеруге полицияның 2000-нан астам көмекшісі мен 500-ден астам жоғары сынып оқушысы қатысты. Оларға тәртіп сақшылары жол қозғалысын насихаттайтын кітапшалар мен буклеттер таратты.