Жеті миллион теңгеге бағаланған жұмыс сапасыз болып шықты. Шымкент қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімінің тапсырысы бойынша Төреқұлов және Қазыбек би көшелерінің қиылысындағы тірек қабырғаларды қайта құру жұмыстары осыдан бірер ай бұрын басталған болатын.
Ұзындығы 600 метрге жететін қабырғаны тұрғызу жұмысын «Жырым ЖШС» бір ай бойы жүргізді. Алайда, құрылыс әлі күнге дейін аяқталған жоқ.
Бүгін белгілі болғандай, құрылысқа тапсырыс берушілер пайдаланылған материалдардың сапасыздығынан жұмысты тоқтатуға мәжбүр болған. Ал жол бойында жатқан құрылыс материалдары көлік қозғалысына ыңғайсыздық туғызуда.
Нұрлан Жаңабай