Қазығұртта аспаздар байқауы өтті

388
Қазығұртта аспаздар байқауы өтті

Қазығұрт ауданында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында аспаздар байқауы өтті. Бұл байқаудың мақсаты түрлі ұлт өкілдерінің арасында өзара достық пен ынтымақтастықты нығайту және түрлі ұлт пен ұлыс аспаздарының шеберлігін арттыру болып табылады.

Қазығұртта аспаздар байқауы өтті

Байқауға ауданның 13 ауыл округінен 16 аспазшы қатысып, түрлі ас дайындалды. Негізінен аспаздлар қазақ, татар, өзбек, иран, орыс және ұйғыр тағамдарын дайындап, қазылар алқасына ұсынды.

Қазығұртта аспаздар байқауы өтті

Сонымен, ұлттық тағамдардан Қазығұрт ауылы округінің аспаздары татар, орыс тағамдарының шебері атанса, Тұрбат ауыл округінің аспаздары өзбек, ұйғыр тағамдары бойынша қарсылас шақ келтірмеді. Ал Қ.Әбдәлиев ауылы округінің аспаздары қазақ, иран тағамдарын дайындаудан озды.

Қазығұртта аспаздар байқауы өтті

Байқау барысында аудандық мәдениет сарайының өнерпаздары концерт көрсетіп, байқауға өз үлестерін қосты. Жүлделі орындарға ие болған аспаздарға аудан әкімдігі тарапынан сый-сияпат жасалып, 300-ге жуық көрерменнің көзайымына айналды.