19 қазан — құтқарушылар күні. Осыған орай өртке қарсы күрес қызметінің қатарын толықтырған жас жауынгерлер ант қабылдады.
Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері осы күні өзінің қызметтік борышын атқару барысында ерлікпен қаза тапқан батырларды еске алып, ескеркішке гүл шоқтары қойылды. Бұл күнді өрт сөндірушілер игі дәстүрге айналдырған.
Салтанатты шарада биыл да жас мамандар өзіне жүктелген міндеттерді адал атқаруға уәде берді. Биыл — төтенше жағдайлар департаментінің құрылғанына 21 жыл. Бүгінде өңірімізде екі мыңнан астам құтқарушы тілсіз жаумен күресіп келеді. Оның басым бөлігі — қатардағы өрт сөндірушілер.