Әзірге Еңбекші ауданындағы жағдай нашар болып тұр. Ондағы 526 үйдің 271-іне жылу қосылды. Бюджеттік мекемелерге келер болсақ, 344 ұйымның 43-інде ғана жылу әлі жоқ.
Еске салайық, қаладағы орталық құбырларды сумен толтыру 18 қазанда басталған. Сол кезде жылу маусымы ресми түрде басталды деп жарияланып, қалаға жылу толығымен 25 қазан күні қосылады деп хабарланған еді. Енді бұл мерзім де 1 қарашаға дейін шегеріліп отыр.