Қазақ газеттерінің макетіне қарапайымдылық пен стил жетіспейді. Оңтүстікте облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өткен «БАҚ дизайны: бейнелеу және беттеу» тақырыбындағы семинар-тренингте осы мәселе айтылды.
«Түркі тілдес журналистер қоры» қоғамдық қоры өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда жанрлардың сақталмауы да өзекті болып отыр. Газет бетін қажетті-қажетсіз элементтермен толтырып тастау оқырманның назарын өзіне аудартады. Осыдан келіп басылымдағы мақала көзден таса қалып, оқылмайды дейді мамандар.
Жиында газет макетінің дизайнынан бөлек қазақ журналистикасындағы түйткілді мәселелер де талқыланды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай семинар-тренингтер алдағы уақытта да жалғасын табады.