Қадірлі оңтүстікқазақстандық ағайын! Қымбатты жерлестер!
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың маған артқан зор сенімінің нәтижесінде мен сіздерге 1 жылдан астам уақыт әкім ретінде қызмет еттім. Осы қысқа мерзім ішінде мемлекет басшысының біздің алдымызға қойған барлық тапсырмаларды шама-шарқымыз келгенше орындадық.
Дағдарыс кезінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін әлсіретпей, күшейтуге барымызды салдық. Мұның бәрі мен үнемі сезініп жүрген сіздердің қолдау-көмектеріңіздің нәтижесі. Ұлттың ұйытқысы, киелі Оңтүстіктің топырағының қуаты деп білемін.
Бір жыл ішінде өңірге, оның xалқына, ауасы мен суына кәдімгідей бауыр басып қалдық. Бұл осы қасиетті жерге келіп, қызмет еткен кез келген адамның бойында болатын сезім деп ойлаймын. Себебі, Оңтүстіктің түр-келбеті де бөлек, елінің қадір-қасиеті де ерекше.
Осы ретте менің әр жасаған қадамымда қолдау көрсеткен, сөзбен ғана емес, іспен көмектескен барша тілектес, пікірлес ағайынға раxметімді айтамын!
Оңтүстігіміз өркендей берсін, гүлдене берсін!
Ізгі ниетпен, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов.