Шымкент қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының бас дәрігері Мәди Бегалиев тағы да үздік мамандардың қатарынан көрінді. Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығының атынан білікті маманға «Медицинаны дамытуға қосқан үлесі» үшін алтын медаль табыс етілді.
Айта кетейік, Мәди Хожаұлы бастаған дәрігерлер соңғы төрт жылдың ішінде 80-нен аса трансплантациялық ота жасап үлгерген. Оның 73-і бүйрек алмастыру операциясы болса, сегізінде бауыр сәтті қондырылған.
Жыл өткен сайын білікті маманның бастамасымен ағза мүшелерін алмастыру операциясының саны артып келеді. Соның нәтижесінде бауыры, бүйрегі жарамсыз қаншама науқас дертінен айыққан.