Оңтүстікке Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаттары келді. Осыған орай Шымкентте мәжілістің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің көшпелі отырысы өтті. Тақырып та өзекті: бюджет аралық реттеудің негізгі функцияларының бірі ретінде өңірдің бюджеттік қамтамасыз етілуін теңестіру және салықтық әлеуетінің өсуін ынталандыру.
2014-2016 жылдары Оңтүстікке республикалық бюджеттен 765 млрд теңге бөлінген. Субвенция басымды бағыттарға білім саласы бойынша күрделі жөндеу жұмыстары және нығайту, жолдарды жөндеу жұмыстары жатады. Қала, аудандардың даму жоспарына және қажеттіліктеріне сәйкес, үш жыл бойы жоспарлы түрде республикалық және облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер бөлініп отырған. Бұдан бөлек реттелетін салықтар бойынша түсімдердің 50 пайызы аудандарда қалып, бұл олардың салық әлеуетін кеңейту және салық базасын ұлғайтуды ынталадыруға ықпал еткен.
Қаржы және бюджет комитетінің көшпелі отырысы бюджетаралық реттеудің негізгі функцияларының бірі ретінде өңірдің бюджеттік қамтамассыз етілуін теңестіру және салық әлеуетінің өсуін ынталандыру тақырыбына арналды. Басқосуда бюджетті қалыптастыру, қаражаттың мақсатты және тиімді пайдалануын қамтамассыз ету барысында ұсыныстар да айтылды.
Жиында бюджетті қалыптасыру, бюджет қаражатының түсуін және жұмсалуын бақылау сияқты маңызды тұстар талқыға түсті. Өйткені өңірдің дамуы бюджеттің көлеміне тікелей байналысты.