Қазақстанның сыртқы қарызы 37,1 млрд. АҚШ долларына жетті

112

Қазақстан Үкіметінің және квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарызы 37,1 миллиард АҚШ долларына жетті.

Барлық министрліктер мен жергілікті атқарушы органдардың басқа елдер алдында берешегі бар. Қарыз көлемі Ұлттық қордағы активтердің 67 пайызына тең. Бұл туралы Сенаттағы Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Серікбай Трұмов мәлімдеді.

Сенаторлардың айтуынша, қарызға алынған қаржыны пайдалану бойынша күрделіктер бар. Олар қарыздың көбеюіне әкеліп соғады. Несиені игеру бойынша да мәлімет аз және осы ақшаның көмегімен жүзеге асқан жобаларға бақылау нашар жүргізіледі.

Шынар Оразова