ОҚО ұстаздары ата-аналармен байланыс бойынша алда келеді

264
ОҚО ұстаздары ата-аналармен байланыс бойынша алда келеді

Қазақстанның білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен биылғы 10 қыркүйекте «ХХІ ғасыр ата-аналары: «Өз балаңа үлгі бол!» акциясы жарияланды. 1 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған психологиялық-педагогикалық көмек ретінде өткізілген республикалық шараға облыс бойынша 892 мектеп пен орталықтандырылған білім беру мекемесі қатысып, 60 мыңнан астам ата-ана жұмылдырылды.

ОҚО ұстаздары ата-аналармен байланыс бойынша алда келеді

Мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайту, бала тәрбиесінде мұғалім ғана емес, әке мен ананың рөлін күшейту мақсатында өткізілген акция 7 қазан күні Елордада өткен дөңгелек үстелде қорытындыланды.

Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымдары ішінен озық әдістемелерді пайдалана отырып, ата-аналармен жұмыс жүргізуде көш бастаған Оңтүстік мұғалімдері түрлі аталымдағы 32 марапатқа ие болып, Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасы ең үздік білім беру ұйымы болып танылды.

Сонымен қатар Астана төрінде Шымкент қаласындағы №83 орта мектеп ұжымының ата-аналармен жиын үлгісі көрсетілді.