Оңтүстік Қазақстан облысының делегациясы Австрияға барды

237
Оңтүстік Қазақстан облысының делегациясы Австрияға барды

29-30 қыркүйек күндері ОҚО әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды бастаған бір топ делегация жұмыс сапарымен Австрияда болып қайтты. Екі күндік іс-сапарда оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлер «Фельден» форумына қатысып, кәсіпкерлік, денсаулық сақтау, қоршаған орта мен жастар ісі, мәдениет, білім, сонымен бірге, спорт салаларында бірлесе жұмыс істеу аясындағы келісімге қол жеткізді.

Оңтүстік Қазақстан облысының делегациясы Австрияға барды

Жиында Оңтүстік Қазақстан облысының туризм және экономикалық мүмкіндіктері 1000-ға жуық қатысушының алдында таныстырылып, делегацияның келу мақсаты түсіндірілді. Оңтүстік Қазақстан облысы мен Каринтия жері турасындағы құжаттамаға сәйкес жасалған келісімдер нәтижесінде жастар түрлі салаларда тәжірибе алмасуға мүмкіндік алып, қос елдегі бірлескен кәсіпорындардың саны артатын болды.

Оңтүстік Қазақстан облысының делегациясы Австрияға барды

Еске салайық, оңтүстікқазақстандық делегация 2016 жылдың тамыз айында Австрияның Каринтия қаласына жұмыс сапарымен барып, туыстық қатынасты нығайтуда түрлі салалар шеңберінде келісім жасауға уағдаласып қайтқан болатын.

Оңтүстік Қазақстан облысының делегациясы Австрияға барды