Оңтүстікте биыл мақта түсімі жақсы. Қазір күнгейдің шаруалары ақ алтынның әр гектарынан 24 центнерден өнім алуда. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Өңірде биыл 109 мың гектарға мақта шиті егілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 мың гектарға артық. Қазіргі таңда 262 мың тонна өнім жиналып, меженің 95 пайызын құрап отыр.
Мақтаның келісі сұрпына байланысты 130-145 теңгеден қабылдануда. Қазір дихандар екінші, үшінші терімде жүр. Жалпы жинау жұмыстарын қараша айының 1 онкүндігінде аяқтау жоспарлануда.