Оңтүстікте ана мен бала өлімін азайту жайы қаралды

367
Оңтүстікте ана мен бала өлімін азайту жайы қаралды

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев БҰҰ балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілі Ю.Оксамитныймен кездесті. Кездесуде қос тарап ана мен бала өлімін азайту, баланың даму деңгейін арттыру жайын сөз етті.

Оңтүстікте ана мен бала өлімін азайту жайы қаралды

— Дамыған 30 елдің қатарына ену үшін Қазақстанда ана мен бала өлімін азайтуымыз қажет. Яғни, балалар арасындағы суицидпен күресуіміз керек,- деді Ю.Оксамитный. — Бұл бағытта біз оған қарсы арнайы жоба әзірледік. Қызылорда қаласында жүзеге асырылған жоба бүгінгі күннің өзінде оң нәтижесін бере бастады.

Оңтүстікте ана мен бала өлімін азайту жайы қаралды

Аталған жобаны Оңтүстік Қазақстанда жүзеге асыру туралы ұсынысын айтқан мәртебелі мейман әкімдікпен әріптестік орнатуға ниетті екенін жеткізді. Өз кезегінде облыс әкімі ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілінің ұсынысын қабылдап, тиісті сала басшыларына жобаны іске асыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.