Шымкентте «Оңтүстікполиметалл» АҚ-ның бұрынғы президентіне қатысты сот үкімі шықты. Абай аудандық сотының үкімімен Тұрсынбек Асамбаев өзіне сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін талан-таражға ұшыратқаны үшін 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды.
Бұған қоса мүлкі тәркіленіп, 3 жылға дейін коммерциялық құрылымдарды басқару құқығынан айрылды. Сонымен қатар кәсіпорынның заңгері болған Бауыржан Жақыпов та 5 жыл 6 айға абақтыға қамалады.
Тергеушілердің мәліметінше, Асамбаев пен Жақыпов алдын ала сөз байласып, бір топ тұлғамен жалған құжат жасау арқылы банкте кепілдікте тұрған АҚ-ның мүлкін кепілдіктен шығарған. Осылайша банктің берген 60 млн доллар несиесін талан-таражға салған.