Оңтүстікте адвокаттар алқасының жаңа ғимараты ашылды

321

Оңтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Шараға облыстық соттың төрағасы Н.Шәріпов, Әділет департаментінің басшысы Е.Дауылбаев, адвокаттар алқасы ұжымы мен заң кеңселері меңгерушілері, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысып, нысан салтанатты түрде ашылды.

Әділет департаментінің басшысы өзінің құттықтау сөзінде іс-шараға қатысушыларды адвокаттар алқасының құрылу тарихымен таныстырып өтті. Облыстық соттың төрағасы және адвокаттар алқасының ардагерлері қорғаушылардың сапалы заңгерлік қызмет көрсетіп, олардың іс-әрекеттеріне байланысты арыздардың түсу фактілеріне жол бермеу қажеттігін айтып, кәсіби мамандардың кәсiптiк әдеп кодексiн сақтау керекі туралы әңгімеледі.