Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев БҰҰ балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілі Ю.Оксамитныймен кездесті. Кездесуде қос тарап ана мен бала өлімін азайту, баланың даму деңгейін арттыру жайын сөз етті.
— Дамыған 30 елдің қатарына ену үшін Қазақстанда ана мен бала өлімін азайтуымыз қажет. Яғни, балалар арасындағы суицидпен күресуіміз керек,- деді Ю.Оксамитный. — Бұл бағытта біз оған қарсы арнайы жоба әзірледік. Қызылорда қаласында жүзеге асырылған жоба бүгінгі күннің өзінде оң нәтижесін бере бастады.
Аталған жобаны Оңтүстік Қазақстанда жүзеге асыру туралы ұсынысын айтқан мәртебелі мейман әкімдікпен әріптестік орнатуға ниетті екенін жеткізді. Өз кезегінде облыс әкімі ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілінің ұсынысын қабылдап, тиісті сала басшыларына жобаны іске асыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.