Оңтүстікте ауа райы бұзылуы мүмкін

474

Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдай департаменті ескертеді! 13 қазан күні облыс аумағында ауа райы күрт бұзылуы мүмкін. «Қазгидромет» мамандарының болжауынша, өңірде жауын-шашын болады.

Күндіз кей жерлерде қатты нөсер жауып, таулы аймақтарда жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін, тұман түседі деп күтілуде.

13-15 қазан аралығында сынап бағанасы +3 градусқа дейін төмендеп, үсік болуы мүмкін. Сақтық шараларын қарастырыңыздар.