Алдағы уақытта Оңтүстіктегі білім мекемелеріне электронды түрде тіркелуге болады. Бұл туралы Шымкент қалалық білім бөлімінің басшылары хабарлады.
Таяуда Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Онда қалалық білім бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шалар жоспары аясында атқарылған жұмыстары жөнінде Жанат Тәжиева баяндама жасады.
Өз баяндамасында қаланың бас ұстазы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында білім ұяларындағы түрлі тіркеулерді электрондық жүйе арқылы жүргізу керегін атап өтті. Ол үшін сәбилерді балабақшаға, ал оқушыларды 1 сыныпқа қабылдау және де білім беру мекемелеріне жұмысқа орналастыру арнайы сайт арқылы жүргізіліп, талап-ережерге сай әділ түрде іріктеліп алынатын болады.
Сонымен қатар ата-аналар балаларының сабаққа қатысқан-қатыспағанын СМС-хабарлама біліп отырады. Бұл қызмет түрі мектеп, ата-ана мен оқушының арасында үзіліссіз байланыс орнатып, жасөскіндердің оқу үлгерімі, тәртібін бірлікте қадағалауға септігін тигізеді дейді Жанат Тәжиева.