Полицейлер 13 қыркүйекте жоғалған қызды тапты

275
15 жасар қызға іздеу жарияланды

Оңтүстіктің полицейлері із-түссіз жоғалып кеткен 15 жасар Аида Абдусаматованы тапты. Еске сала кетсек, 1994 жылы туған Сарыағаш ауданының тұрғыны өзінің кәмелет жасқа толмаған сіңлісі Абдусаматова Аида Данияркызына іздеу салған еді.

15 жасар қызға іздеу жарияланды

Ол сіңлісінің 13 қыркүйек күні Шымкенттегі «Алаш» базарынан белгісіз бағытқа кетіп, қайта оралмағаны туралы Әл Фараби ПБ-не арызданған болатын. Іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары жасөспірім тауып, ол үйіне оралды. Денсаулығы жақсы. Ал полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда.