Сарыағашта 400-ге жуық отбасы таза ауыз сумен қамтылды

211

Сарыағаш ауданының Ошақты ауылдық округіндегі Саңырау елдімекеніне таза ауыз су берілді. 2016 жылдың маусым айында басталған ауыз су құбырларын тарту жұмысын мердігер мекеме «Үш-Сай» ЖШС жүргізді. Бүгінде 386 отбасы суға қол жеткізіп, коммуналды қажеттілік шешімін тапты.

Ел қуанышын бөлісе келген аудан әкімі Қ.Әбдуалиев тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктер жайын баяндап, тіршілік нәрі келгені әрбір үйге үлкен мереке екенін атап өтті.

Жалпы, ауданда 154 елдімекен болса, оның 69 елдімекені ауыз сумен қамтылған. Ал 2017 жылға 32 елдімекенге ауыз су тарту мақсатында жобалық-сметалық құжаттар дайындалуда.