Сарыағашта жаңа балабақша ашылды

946
Сарыағашта жаңа балабақша ашылды

Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі аясында Сарыағаш қаласының Самал шағынауданында №30 балабақшасы ашылды. Салтанатты шараға аудан әкімі Қ.Әбдуалиев, «Нұр Отан» партиясының Сарыағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары П.Тұрсындаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Сүлейменовтер қатысып, жаңа ғимараттың лентасын қиды.

Сарыағашта жаңа балабақша ашылды

Балабақша 320 сәбиге лайықталған. Бір жылда аяқталған құрылысына республикалық бюджеттен 530 млн теңге жұмсалды. Заманауи үлгіде салынған балабақша толық құрал-жабдықпен, бүлдіршіндерге арналған жиһаздармен қамтамасыз етілген.

Қазіргі таңда «Балапан» бағдарламасы бойынша Сарыағаш ауданында 28 мемлекеттік, 162 жекеменшік балабақша мен 30 шағын орталық жұмыс істеп, аудан бойынша балаларды балабақшамен қамту деңгейі 83,4%-ды құрап отыр.