Кешелі бері Шымкенттегі жеке көлік иелері де әбігерге түсті. Қысты күтіп жүрген жүргізушілер техникалық қызмет көрсету орындарында сағаттап кезекке тұруға мәжбүр. Бәрінің ойлағаны — тезірек көліктерінің дөңгелегін алмастыру.
Осы тұста көрсетілетін қызметтің де бағасы күрт қымбаттаған. Бір көліктің төрт доңғалағын ауыстырып беру үшін орта есепен 4-5 мың тенге төлейсіз. Осы істі кәсіп еткендердің айтуынша, мұндай науқан жылына екі рет — көктем және қыста келеді. Бүгінгі таңда шамамен қаладағы көлік иелерінің 20 пайызы ғана дөңгелектерін ауыстырып үлгерген. Тиісінше, әлі жұмыс көп.
Нұрлан Жаңабай