Оңтүстікте ауа райы күрт бұзылды. Нөсер жауын 12 қазанның түнінен басталды. Күшті жел мен жауын-шашынның салдарынан туындаған мәселелерді уақтылы шешу үшін қалалық арнайы қызмет тобы жедел жұмыс жасауда. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызмет хабарлайды.
Қала көшелерінен құлаған ағаштар алынып тасталды. Басқа да аудандарында жиналып қалған жаңбыр суы тазартылуда.
Шымкенттегі табиғаттың тосын мінезінің салдарын жоюға қазіргі таңда 7 су тасығыш көлік, 2 су сорғыш техника, жалпы 22 техника қамтылды. Сондай-ақ, қалалық арнайы қызметтің 74 қызметкері жаңбыр суын сору және бітеліп қалған сарқынды су жүйесін тазалау үшін жұмыс істеуде.