Шымкентте «ПрофМедСервис 777» медициналық емханасы ашылды. Ол жерде кез келген азамат толық тексеруден өтумен қатар амбулаториялық ем де қабылдай алады. Сонымен қатар ота жасауға да болады.
Лента қиылып, «ПрофМедСервис 777» емханасы жұмысын бастап кетті. Денсаулығына немқұрайлы қарамайтын кез келген азамат осында келіп, ем-дом қабылдауына әбден болады. Бүгіннен бастап дәрігерлер де өз міндеттеріне көшті. Әмір Калимов көз дәрігерінен тексеруден өтуге келген.
Емханада медициналық тексерудің түр түрінен өтуге болады. Уролог, кардиолог және ЛОР дәрігерлерінің көмегіне жүгіне аласыз. Бастысы, мұнда амбулаторлық ем қабылдауға да мүмкіндік жасалыпты. Тіпті, вип палаталарға дейін бар.
Емхана қызметкерлерінің кәсіби деңгейіне күмән жоқ. Олардың басым бөлігі шетелде жоғары білім алып, тәжірибесін де арттырып қайтқан. Ал ота жасауға арналған бөлме оңтүстіккореялық техникамен жабдықталыпты. Заманауи құрылғылармен тексеруден өткен әр науқастың дертінен айығып кетеніне ақ халаттылар сенім білдіреді.