Шымкентте жылу беріле бастады

296
Оның үстіне штаб отырысының негізгі кейіпкері болуға тиісті «3-Жылуорталығының» директоры кезекті еңбек демалысында

Шымкентте жылу қосыла бастады. Биыл жылдағыдан ерте қолға алынған жұмыстар ауа райының суытуына байланысты. Бұған дейін әлеуметтік нысандардағы жеке қазандықтар іске қосылсын деген өкім шығарған қала басшысы 18 қазан күні сағатына 160 гигаколория жылу өндіретін қазандықтарды іске қосуға тапсырма берді.

Оның үстіне штаб отырысының негізгі кейіпкері болуға тиісті «3-Жылуорталығының» директоры кезекті еңбек демалысында

Қала әкімінің 14 қазандағы үкіміне сай қаладағы 331 әлеуметік нысан толығымен жеке қазандықтарын іске қосқан, оның 121-сі — білім мекемесі. Тұрлан елдімекеніндегі №54 қазандық іске қосылса, тағы бір мектеп пен екі балабақша жылу алады. Сондай-ақ, Нұрсәт шағынауданындағы сағатына 160 гигаколория жылу өндіретін қазандықтан әкімшілік-іскерлік орталығындағы 32 көп қабатты үйдің 24-і жылуға қосылды.

Бұдан бөлек Спорт шағынауданындағы — №24, Қатын көпір елдімекеніндегі №49 және Теріскей шағынауданындағы №3 қазандықты да іске қосу жоспары бар.

Гүлназ Шадманова, ТҮКШ бөлімінің бас маманы: «№3 қазандықта бірқатар жұмыс атқарылады. Бірер күнде оны да қосамыз.»

Біздің түсіру тобы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 6,5 шақырым құбырды алмастырып жатқандардың жұмысын көрді. Өкінішке қарай, күн суыды деп асыққан мердігерлерді көре алмадық. Енді кесте бойынша бұл жұмыстардың 20 қазанда аяқталуын уақыт көрсетеді.

Шымкентте жылу беріле бастады

Шымкенттегі орталық жүйеден жылу алатын 1400-ден астам көп қабатты үй тұрғындарына жылу 25 қазанан кейін ғана беріле бастайды. Бұл жайында қала әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгіннен бастап өздері жылу өндіруге мүмкіндігі бар шағын қазандықтарды іске қосу басталды. Бұл қазандықтардан 350 көп қабатты үй жылу алатын болады. Ал 3-энергоорталықтан жылынатындар күте тұруы керек. Бүгінгі таңда аталмыш энергоорталық жұмыс жасауға кірісті. Енді жүйелерді сумен толтыру жұмыстары бар.

Осыған орай Шымкентте жылуға қатысты шұғыл желілер іске қосылды. Онда аудан әкімдіктеріндегі тұрғындарымен жұмыс істеу бөлімінің мамандары жылуға қатысты сұрақтарға жауап береді. Телефон нөмірлері: Абай ауданы — 21-41-71, Әл Фараби ауданы — 54-96-54, Еңбекші ауданы — 43-31-09, Қаратау ауданы 42-10-21. «Қуат жылу орталығы» — 44-82-37, 44-82-25. Шымкент қаласы әкімдігінің телефоны — 545-545 және 53-00-15.